Инфляция әлі де өседі — Ұлттық банк басшысы

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қандай жағдайларда қабылдануы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Базалық мөлшерлемені қандай деңгейде төмендетер едік. Біз макроэкономикалық көрсеткіштер, осы көрсеткіштер бойынша болжамдардың кең тізбесін және олардың бағаларға әсерін қарастыра отырып, базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаймыз. Яғни, базалық мөлшерлеме бойынша болжамдар бағаның төмендегенін, қысым төмендейтінін көрсетсе, бәлкім, сыртқы нарықтарда да тұрақтану болса базалық мөлшерлемені төмендету туралы мәселені қарастыра бастаймыз. 

Бүгінде қазіргі шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлемені төмендету күн тәртібінде тұрған жоқ. Екінші тоқсанда инфляция өседі деп күтеміз. (…) Қазір базалық мөлшерлемені төмендету бұл дұрыс емес және негізгі мандатымызға қайшы келер еді», — деді Пірматов ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, сыртқы нарықтардағы белгісіздік сақталып отыр.

«Біз геосаяси тәуекелдердің жүзеге асуы, әлемде, оның ішінде Қазақстанның сауда серіктестері елдеріндегі бағаның өсуі және олардың ішкі бағаларға ауысуы аясында инфляциялық қысымның артып отырғанын көріп отырмыз. Бұл жағдайда жылдық инфляция 12 пайызға дейін өсті. Бағаның өсуі барлық құрамдас бөлікте байқалады.

Қазір инфляцияның нақты тұрақты құрамдас бөлігінің айтарлықтай өскенін байқап отырмыз, ол табиғаты бойынша құбылмалылығы төмен және тек орта мерзімді перспективада қысқартылуы мүмкін. Бұған 2022 жылғы наурыздағы базалық инфляцияның әртүрлі бағалаулары дәлел», — деді Ұлттық банк басшысы.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық топтың мүшесі Р....

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың...

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...