Генерал Күдебаев жаппай тәртіпсіздік кезінде ауылына кетіп қалған — Бозымбаев

Полиция басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір әкімі 5 қаңтарда Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комендант болғанын, ол облыс әкімдігі ғимаратындағы жағдайды бақылауда ұстай алмағанын атап өтті. Әкімдік, облыстық Полиция департаменті мен қалалық әкімдік ғимараты басып алынған.

«Соңында азаматтық билік олармен (бүлікшілермен — еск.) жеке қалды. Мен ІІД (Полиция департаменті — еск.) басшысын іздедім. Оны таңға таяу Талдықорғаннан 300 шақырым жерден таптым. Ол Қаскелеңнің маңындағы туған ауылына кетіп қалған. Мен: «Неге кетіп қалдың?» дегенімде. «Басым жарылды, аяғым ауырады, отбасымды алып кеттім» деп жауап берді», — деді Қанат Бозымбаев.

25 қаңтарда ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатқаны хабарланған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі Күдебаев өз өтініші бойынша қызметінен кетіп, ішкі органдардағы қызметінен босатылғанын түсіндірді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...