Министр отандық қант өндірісіне қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда отандық қант өндірісіне қатысты мәселелерді шешу қалай жоспарланып отырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қанттың жылдық тұтынуы шамамен 532 мың тонна, оның 7 пайызы отандық шикізаттан. Бұған шағын өндіріс, суаруға қажетті судың тапшылығы және қант қызылшасын өсірудегі қол еңбегі, қант зауыттарының құнсыздануы, ресейлік өндірушілердің бағаға қатысты демпингі себеп болып отыр», — деді Қарашөкеев үкімет отырысында.

Ол сумен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мыңнан 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отырғанын айтты.

«Қант өндірісін 7 есеге 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32 пайызға төмендету күтіледі, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7-ден 43 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Оның айтуынша, мұндай нәтижелерге қолжеткізу үшін 5-6 жылға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...