Елімізде халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары бекітілді

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешенді жоспарды іске асыру 4 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

  • бюджет қаражаты мен шәкіртақыны көтеру бойынша міндеттемелер;
  • жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру;
  • халық табысының сатып алу қабілетін қорғау;
  • табыс деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар.Үкіметтің жоспарлауынша, кешенді жоспар іске асса, «халықтың нақты ақшалай табысының орташа жылдық өсу қарқыны 4-5% деңгейіне жетеді және 2 миллионнан астам жұмыс орны құрылады».Құжатта Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3 %-ды құрайтыны көрсетілген. ЭЫДҰ әдістемесі бойынша Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10 %. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6 % (АҚШ-та – 16,8 %, Израильде – 17,7 %, Чилиде – 16,8 %, Канадада – 14,2 %, Аустралияда – 12,8 %, Ұлыбританияда – 10,8 %).Бұл ретте 12 облыста (Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі артып келеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...