Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері ел аумағына антициклон келеді. Бұл — жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады.

«Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында құмды дауыл мен жел күшейеді», — делінген хабарламада.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...