12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Сәуірің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты және Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Серік Күдебаев туралы білу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Қазір қайда, ішкі істер органдарында қызмет ете ме, қандай қызметте деген сауалға ведомство генерал ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі бұйрығы бойынша Күдебаев Серік Мырзақұлұлы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан кетті», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Күдебаев 26 қаңтарда Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен кеткен болатын. Ол кезде Ішкі істер министрлігін Ерлан Тұрғымбаев басқарды, оның орнына 25 ақпанда Марат Ахметжанов тағайындалды. Министрлердің қайсы Күдебаевты жұмыстан босатып, бұйрыққа қол қойғанын ведомство нақтылаған жоқ.

Сондай-ақ, біз Ішкі істер министрлігінен қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Күдебаев қайда болғанын, оның осы оқиғалар кезіндегі тәртіп орнату жұмысын ведомство қалай бағалайтынын және оның Алматы облысы ПД ғимаратынан шығып кету фактісін тергеу туралы сұрадық. Алайда министрлік бұл сұрақтарды басқа мемлекеттік органға жолдауды сұрады.

«Қаңтар кезінде жасалған қылмыстар бойынша соталды тергеп-тексеру Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жедел-тергеу тобының үйлестіруімен жүзеге асырылады», — деді ІІМ өкілдері.

Клиентоориентированность-главное требование для современных  государственных служащих

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Жоғарғы Сот республика соттарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кеңейтілген...

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

 Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного...

Абай — дана

«Биылғы жылы Қазақстан тарихи маңызы бар бірқатар мерейтойлық даталарды...