Балқашта ер адам пойыз астына түсіп, аяғынан айырылды

Балқашта теміржолшы пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған. Пойыз жақындаған кезде қашуға үлгермей қалған, — деп хабарлайды Patriotnews.

Басылым мәліметінше, пойыз машинисі сағат 23.45-те Балқаш бекетінің 4-жолында бір адамды көріп, бірден пойызды тоқтатуға тырысқан. Бірақ қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Patriotnews мәліметінше, Балқаш бекетінің Желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылғанын айтқан.

«Ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайдың анық-қанығы соталды тергеу барысында анықталады», — деді Балқаш бекеті Желілік полиция бөлімінің бастығы.

ЗАКОН ОБЯЗАТЕЛЕН ДЛЯ ВСЕХ — И ДЛЯ ВЛАСТИ ТОЖЕ

О ПОСЛАНИИ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА «О СОСТОЯНИИ КОНСТИТУЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ В...

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...