Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды — Антикор

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.

«Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған. 48 жастағы Нұрлан Мәсімов департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған.

Қазақстан Республикасында нотариус болу жолы

Нотариаттық қызмет – бұл заңгерлер арасында ең танымалы қызмет...

ҚАЖ қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғару мекемесінің қызметкері Семей қаласының...

Күзгі көңілсіздікке қалай дайындалуға болады: Ұлттық госпиталь психологының кеңестері

Күз мезгілі басталғанда кейбір адамдар көңіл күйінің төмендеуін, шаршағыштықтың...

Қазақстан Республикасы Конституция туралы

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және құқықтық жүйесінің өзегі....