Алматы облысында Сенатқа депутат сайланады

22 сәуірде зейнеткерлікке шыққан Нұрлан Қылышбаевтың орнына Алматы облысы бойынша Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сенат депутатын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттар депутаттары саналатын республика азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында сағат 11.00-де басталады», — делінген хабарламада. 

Парламент Сенаты депутаттығына облыстан екі үміткер бар:

  • Жанболат Жүргенбаев – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;
  • Гүлмира Ахметова – «Халық банк» облыстық филиалының директоры.

Облыстағы таңдаушылар тізімінде 358 мәслихат депутаты бар.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Қылышбаев 4 ақпанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы болды.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...