Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлкін Қазақстанға тегін береді

Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлікті Қазақстанға береді, бірінші болып берілгені — 1990-жылдары құрастырылып, орбитаға шығарылмай қалған «Экран-М» спутнигі мен оның құрамдас бөліктері. Ресей үкіметінің тиісті бұйрығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның ұсынысына сәйкес тізбе бойынша жылжымалы мүлікті федералдық меншіктен Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне өтеусіз беру туралы ұсыныс қабылдансын», — делінген құжатта.

Тізімде екі позиция бар — жинақтары және құрамдас бөліктері бар «Экран-М» спутнигінің өзі, сондай-ақ құрастыру-қорғау блогы, оның жинақтары мен құрылғылары. Спутниктің де, блоктың да құны бір рубльге бағаланады.

Бұл мүлікті Қазақстанға тапсыру Федералды мүлікті басқару агенттігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

Бұған дейін РИА Новости дереккөзі Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға беруден алып, 2022 жылдың соңына қарай Қазақстанға беретінін хабарлаған. Атап айтқанда, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрын пайдаланылмаған «Экран-М» телекоммуникациялық спутнигі және Байқоңырдағы үш технологиялық жүйе ғарыш айлағы объектілерін жалға беруден шығару аясында Қазақстанға берілуі мүмкін.

РИА Новостиге зымыран-ғарыш саласындағы басқа дереккөздің айтуынша, «Экран-М» спутнигі ғарыш айлағына жеткізілген, бірақ ол ешқашан іске қосылмаған, өйткені дәл осындай құрылғылар жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрған және орбиталық топтаманы толтырудың мәні болмаған. Ол егер құрылғы дұрыс сақталса, онда ол әлі де орбитада жұмыс істеуге жарамды екенін айтты.

Алғашқы «Экран-М» спутнигі 1987 жылы геостационарлық орбитаға ұшырылған. Құрылғының мақсаты — Сібір мен Қиыр Шығыс өңірлеріне тікелей телевизиялық хабар таратуды ұйымдастыру. Осындай құрылғы кейінгі рет 2001 жылы ғарышқа жіберілген.

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...