Өте күрделі мәселе – Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл – өте күрделі мәселе. Өткен жылы да мемлекеттік қарыз мәселесін көтеріп, оның өскенін сынға алған едік. Содан кейін үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді. Біз қазір бюджет аясында, әрине, бұл мәселені тағы да қарастырамыз.Мәулен Әшімбаев

Ол 5 мамырда cенат депутаттары 2022 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарайтынын атап өтті. Осы орайда журналистер спикерден сенаторлар үкімет Ұлттық қордан түсетін мақсатты сома көлемін қысқартуды талап ете ме деп сұрады.

Маған қазір айту қиын, кеше ғана мәжілістегі әріптестеріміз бюджетті қарады. Бюджет жобасы бүгін бізге келуі керек, біз оны зерттеп, мұқият қарайтын боламыз. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, әрине, біз оны көтеріп, үкімет өкілдерімен сөйлесеміз.Мәулен Әшімбаев

21 сәуірде мәжілістің жалпы отырысында үкімет Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды жоспарлағаны белгілі болды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...