ҰҚШҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі ауысты

Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Жәнібек Иманалиев атқарып келді. Ол ҚР президентінің жарлығымен қызметінен босатылды.

Марат Зеникенұлы Сыздықов 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын,

2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі.

1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы.

1998-1999 – ҚР Президенті әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.

1999-2002 – ҚР Президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі.

2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2010-2014 – ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...