Таразда алып нәресте дүниеге келді

Тараздағы перзентханада салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 сәуірде сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне толғағы қысқан жүкті әйел түскен. Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, онда босандыру әдісі туралы мәселе шешілген.

«Шарана анасының құрсағына басымен емес, жамбас ұшымен, яғни бөкселермен келген және басқа да зерттеулерге қарағанда нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен көрініп тұрды. Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты балалар табиғи жолмен туады және бәрі жақсы болады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны — ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы. Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесір тілігі арқылы босандыру туралы шешім шығады», — деді басқарма өкілдері.

Сағат 10:46-да салмағы 5 келі және бойы 62 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай нәрестелер «алып» деп аталады.

Алып баланы дүниеге әкелген анаға хирургиялық араласу жасап, кесар тілігімен сәбиді аман-есен шығарған дәрігерлер Бағдат Нұрмахан мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақерке Тоқбергенованың айтуынша, ауыр салмақты нәресте дүниеге келген — қалыпты жағдай. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...