Алматыда жеті мектепке «жарылғыш зат қойылды»

19 сәуір күні кешкісін Алматыдағы жеті мектепте «жарылғыш зат қойылды» деген хабар келіп түсті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«№99 мектепке жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама туралы ақпаратты оқырманымыз жіберді.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне жүгінді.

Кеше кешкісін қаладағы жеті мектепте жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріс жүргізді, сапер бөлімшелері нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар тексеру кезінде мектептерде оқушылар да, мұғалімдер де болмағанын түсіндірді.

Қазір мұндай хабарды таратқан адам іздестіріліп жатыр. Ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салайық, 31 наурызда Қазақстанды түрлі қоғамдық орында «жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарламалар «толқыны» шарпыған еді. Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығында «бомба қойылды» деген хабарлама болды.

Айта кетейік, Қарағанды полицейлері күдіктіні — кінәсін мойындаған 29 жастағы жігітті анықтап, ұстаған еді.

19 сәуірде телефон «террористі» деген күдікпен Жітіқара қаласының (Қостанай облысы) 1986 жылы туған тұрғыны ұсталғаны белгілі болды. Ол қаладағы ұйымдардың бірінде IT-маман болып жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында нотариус болу жолы

Нотариаттық қызмет – бұл заңгерлер арасында ең танымалы қызмет...

ҚАЖ қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғару мекемесінің қызметкері Семей қаласының...

Күзгі көңілсіздікке қалай дайындалуға болады: Ұлттық госпиталь психологының кеңестері

Күз мезгілі басталғанда кейбір адамдар көңіл күйінің төмендеуін, шаршағыштықтың...

Қазақстан Республикасы Конституция туралы

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және құқықтық жүйесінің өзегі....