Қазақстанда мемлекеттік дипломның формасы өзгереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім туралы құжаттардың (дипломдардың) формасына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның баға қойылған екі тілдегі қосымшасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігінде түсіндірілгендей, биылғы оқу жылынан бастап ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдары цифрлық бес балдық бағалау жүйесінен баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесіне (1 курс) көшті. Оқушылардың оқу жетістіктері халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар, кему реті бойынша «А»-дан «D-ға дейін», «қанағаттанарлықсыз» — «F»).

«Биыл мектеп бітіру ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарында модульдік бағдарламалар және оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүргізілетінін ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажет», — делінген құжатта.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...