Алматыда қаржы пирамидасын құрды деген төрт күдікті қамалды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген төрт күдікті қамауға алынды. Мұнда әңгіме Mudarabah Capital серіктестігінің қатысушылары туралы болып отыр, олардың екеуіне қатысты бұрын сот бұлтартпау шарасы ретінде кепілге санкция берген, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде тағы екеуі үй қамауында болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін олардың бәрі ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасында тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған болатын. Қылмыстық іс Astex.kz және ACD technology қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша бір топ азаматтың лауазымды тұлғаларға қатысты ұжымдық өтініші бойынша тіркелген.

Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында бұл ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқан. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20 пайызын төлеуі керек еді. 5 миллиард теңгеден астам мөлшердегі ақша қаражаты Astex.kz-ке 162 салымшыдан басқа компания — Mudarabah Capital арқылы келген.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық соты қазақстандықтарды екі миллиард теңгеге алдап кеткен Home Avto Invest қаржы пирамидасын құрушыға және Ақтау мен Атырауда орналасқан ұйымның кеңсе басшыларына қатысты үкім шығарған болатын.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...