Қазақстанның қай өңірі балықты көп жейді

2021 жылы бір қазақстандықтың балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа мөлшері 14,8 келі болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі жылдары еліміз бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары балық пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынған. Орта есеппен бір адам жылына 22,3 келі балық жеген. Бұл туралы Energyprom.kz агенттігі жазды.

Балық пен теңіз өнімдерін тұтыну бойынша алғашқы үштікке Қостанай (21,6 келі) және Шығыс Қазақстан (19,3 келі) облыстары да кірді.

Ал балық пен теңіз өнімдерін ең аз тұтынған өңірлер – Шымкент (4,6 келі) және Маңғыстау облысы (9,6 келі).

2021 жылғы балық және акваөсіру саласында өнім мен қызмет көрсету көлемі 14,3 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 12,1%-ға артық.

2021 жылы 49 мың тоннаға жуық балық және басқа да су жануарлары ауланды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,7%-ға артық.

Жыл ішінде балықтың құны айтарлықтай өсті. 2022 жылдың наурыз айының соңында жаңа піскен немесе салқындатылған балық бағасы 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 11,2%-ға, мұздатылған балық 9,1%-ға, ал өңделген және консервіленген балық бір жылда 15,5%-ға қымбаттады.

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...