Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлерге қанша қаржы төленгені айтылды

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында вице-министр қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданғанын айтты:

  • ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер және басқа да шаралар тоқтатылды.

«Қаңтар оқиғасы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 1630 ШОБ субъектісі зардап шекті, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 миллиард теңге. Бүгінде 1 491 ШОБ субъектісіне жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгенің төлемі төленді», — деді Жақсылықов.

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...