«Заң қабылданса». Тоқаевтың туысы елші қызметінен кете ме?

Қазақстанда Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынса, Қазақстанның Болгариядағы елшісі Теміртай Ізбастин қызметінен кетеді. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-дағы брифинг барысында журналистер министрден Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу туралы заң жобасы жөнінде сұрақ қойған. «Бұл жағдайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы, Қазақстанның Болгариядағы елшісі (Теміртай Ізбастин — авт. еск.) қызметінен алып тастала ма?» деп сұрады журналистер.

«Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынса, бәрі заң бойынша жасалады. Қызметтен алып тастау деген кеңес кезінен қалған термин. Ол қызметін босатады, себебі заң бойынша бұл қызметті атқара алмайды», — деді Мусин. 

Айта кетейік, Теміртай Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне 2019 жылдың 1 қарашасында тағайындалған болатын. 

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...