Шырайлы көктемнің келіп, қар еріп, күннің жылуына байланысты, бұл күндері Республикамыздың барлық аймағында қар астында қалған күздік күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі.
Сондай жұмыстардың бірі, ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясат тобының аға инспекторы Д. Шахидің ұйымдастыруымен, ерікті жалдамалы қызметкерлерді қатыстыра отырып, көктемгі сенбілік өтті. Алдын ала хабардар болған қызметкерлер сол күні таңғы 9: 00- де ғимарат алдына толықтай жиналды. Кадр тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты М,Тұрымбетов жиналғандарға жұмыс барысын пысықтап, топ-топқа бөлді.
Одан соң, мекеменің шаруашылық бөлімі қамтамасыз еткен құрал саймандарды өзара бөлісіп, біразы күрек пен тырма, енді біразы сыпырғыш пен қоқыс салатын шелек алып, тазарту жұмыстарына белсене кірісті.
Кеңсе бөлімі мен қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қыз-келіншектері аула аймағын сыпырды. Ер азаматтар шаң басылу үшін су тасып, сыпырылған үйінділерді шелекке салып алып, арнайы қоқыс жәшігіне апарып тастады. Ал, сенбілікті ұйымдастырушы, әділет аға лейтенанты Д. Шахи бастаған топ штаб ғимаратындағы сыртқы әйнектерді сүртіп, көшбасшылық танытты.
Келесі бір топ, та -теректерді зиянкестерден залалсыздандыру мақсатында, әктеу жұмысына жұмылдырылды.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, ауызбірлікпен атқарылған екі сағатқа созылған ұжымдық еңбек нәтежиесінде, тергеу мекемесінің аумағы мұнтаздай кейіпке еніп, қоқыс қалдықтарынан тазаланды.
Бүгінгідей сенбілік, туған жердің экологиялық жай-күйін ойлаған әрбір азаматтың парызы деп ойлаймын. Сондықтан қызметкерлеріміз себілікте белсенділік танытты. Өйткені таза аумақ салауатты өмір сүрудің кепілі болататыны анық. Алдағы апталарда ұжым тарапынан сенбіліктер ұймдастырылып, жалғасын табады- деді, мекеменің кадры.