Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің сотталғандары конституциялық құндылықтарды талқылады

        Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Конституциялық құндылықтар: әділдік, жауапкершілік, құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
        Іс-шараға 30-ға жуық сотталған қатысты. Кездесудің арнайы қонағы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы Гүлназ Есембаева болды.
       Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конституциялық құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызын, әділдік, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттарын талқылады. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықтың маңызына және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістер туралы ақпараттанудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
         Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты және күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңызын талқылады.
     -Мекеме әкімшілігі түрлі сала мамандарымен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Мұндай іс-шаралар дүниетанымымызды кеңейтіп, жаңа білім алуға, өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Осындай әңгімелер өз іс-әрекеттеріміз туралы ойлануға, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезінуге және бостандыққа шыққаннан кейінгі болашағымызды жоспарлауға ықпал етеді, – деді сотталғандардың бірі.
       - Мұндай дәрістер мен пікірталастар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама нормаларын тереңірек түсінуге және заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғынуға бағытталғанын атап өтті. Мекеме әкімшілігі білім беру ұйымдарының өкілдерімен және түрлі сала мамандарымен бірлесіп, тәрбиелік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Мұндай кездесулер сотталғандардың дүниетанымын кеңейтуге, құқықтық білім деңгейін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар өмірлік бағдарларды қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың құқықтық санасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне жәрдемдесуге бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады,-  атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Дәурен Бугилбаев

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...