5 қаңтарда тәртіпсіздік кезінде «Қазаэронавигация» және Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағындағы жарықты өшірген адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 сәуірде арнайы прокурорлар Алматы әкімдігінің алдында болған тәртіпсіздікке қатысы бар деген Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады.
Шымкентте 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде пайдаланылған жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырумен және арматураларды, тастар мен молотов коктейльдерін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен С. есімді адам ұсталған.