«Қазмедиа орталықтағы» апатқа байланысты телеарналар хабар таратуды тоқтатты

«Қазмедиа орталықта» апат орын алды. Адамдарды эвакуациялау қажеттігі хабарланды. «Хабар» , 24kz, Qazaqstan, Balapan телеарналары хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, сағат 20:41-де Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев көшесі, 4 үй мекен-жайына аттанды. Аталған мекен-жайдағы паркингтегі трансформатордан от шыққаны белгілі болды.

Эвакуациялау жұмысы дербес жүргізіліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қалалық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен үш техникасы жұмыс істеп жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, алдын ала деректер бойынша, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су кірген. Жағдай анықталып жатыр, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін. Депоның қосалқы стансасында от тұтану орын алуына байланысты сағат 20: 15-те телерадиоарналар эфирден ажыратылды. Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылып, барлық персоналдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Қазмедиа орталықтың» әкімшілігі

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...

Отбасындағы гендерлік теңдік: заманауи көзқарас пен үйлесімділік

Отбасы – қоғамның шағын моделі. Уақыт өте келе қоғам...

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...