«Еститін мемлекетке» қашан айналамыз?

Президенттің осы нұсқауы біртіндеп жүзеге аса бастады. Халықтың арыз-арманы, өтініш тілегі енді атқарушы, жергілікті билік тарапынан назарға алынып, күрмеуі қиын мәселелердің түйіні шешіледі. Бұл, ең алдымен, «Еститін Үкімет» бағдарламасының қол жеткізген алғашқы жетістіктері.
Билікті бұқараға барынша жақындатып, халықтың кез келген мәселесін шенеуніктердің шешуіне жол ашқан тұжырымдаманың маңызы зор.
Халық үнін есту үшін Президент əкім-қараға əлеуметтік желілерді ұтымды пайдалануды ұсынды. Бұған дейін де халық әлеуметтік желіде белсенді бола бастаған-ды. Бұл белсенділік енді құзырлы орындардың интернет кеңістігіндегі кері байланысымен нығайды. Қазір қоғамдағы даулы мәселелер facebook, instagram, telegram әлеуметтік желілері арқылы тез тарап, халықтың да кез келген проблемасы, азаматтық пікірлері осы желілерде жариялануда. Жалпы, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты сараптап қарайтын болсақ, ақпараттың үлкен ағыны сол əлеуметтік желілер арқылы өтетінін байқау­ға болады.
Бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы петицияларға қол қойылып, жұртшылық өз үндерін желі арқылы жеткізіп жүр. Демек, Мемлекет басшының шенеуніктерді әлеуметтік желіде белсенді болуға шақыруы бекерден бекер емес.

Әлеуметтік желіде Үкімет мүшелері, депутаттар, полиция, сот, прокуратура, жергілікті әкімдіктердің парақшалары белсенді бола бастады. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан» парақшаларына сот үкіміне наразылық танытып, кейбір жандардың арыздарын жазып жатқанын байқаймыз. Әкімдіктерге өз өтінішін қалдырып жататындар көп. Оған Жоғарғы соттың баспасөз хатшылары, әкімдіктердің өкілдері мәселенің назарға алынғанын, нәтижесі хабарланатынын айтып жатады. Бұл көпшіліктің көңіліне үміт ұялатады.
Саясаттанушы Мақсат Жақау «Еститін Үкімет» арқылы биліктің халық үніне құлақ асып, халықпен кері байланыс жасауға тырысқан әрекетінің нәтижелі болып жатқанын байқаймыз. Көп жағдайда азаматтар орталық жəне жергілікті орган басшыларының құлықсыздығы мен бейқамдығына байланысты Президентке жүгінуге мəжбүр болады. Әр мемлекеттік қызметші, ең алдымен, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оларды ушықтырмай, дереу шеше білуі тиіс.Осыны білгендіктен, Президентіміз мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру үшін «Еститін Үкімет» қағидасын қолданысқа енгізді. Сондықтан Президент Əкімшілігі жанынан азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлім ашылды. Бұл – «Еститін Үкіметтің» өз дәрежесінде жұмыс істеуі үшін жасалып отырған шаралардың бірі. Естуімше, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты əлеуметтік-экономикалық бөлімінің статис­тикасына сенсек, алғашқы жылы-ақ, ресми мəліметтер бойынша, 30 мыңнан астам шағым келіп түскен көрінеді. Əрине, бұл жақсы көрсеткіш емес. Бірақ мұндай құрылымның болуы, Президент Əкімшілігінің бұл мəселеге ерекше көңіл бөліп отырғанын білдіреді», – дейді.
Халқының үніне құлақ асқан Үкіметтің халық сеніміне де лайық болатыны сөзсіз.

Қуаныш Ермекова

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.