12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі

Кез келген адам баласына құқықтық көмек қажет болатындай жағдай кездеседі. Алайда азаматтардың жекелеген санаттарына тегін құқықтық көмек алуға құқығы бар екендігін барлығы біле бермейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін заңдарда белгіленген негіздерде барлық жеке және заңды тұлғалар тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан құқықтық ақпарат  нысанында тегін мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін тегін алуға құқылы.  

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру түрінде өтеусіз, адвокаттар Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңында белгіленген тәртіппен, нотариустар «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз, жеке сот орындаушылары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде заң көмегін өтеусіз көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады.

Адвокаттар мыналарға тегін құқықтық консультация береді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге, алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасайды.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтініш жасап жүгінген тұлға өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

 Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мемлекет кепілдік берген заң көмегіне теңдей қол жеткізуге, өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпараттар алуға,  мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға, мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға, мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.

   К.Мырзатаева, Қазақстан Заңгерлер Одағы РҚБ Түркістан облысы филиалының мүшесі Түркістан облысы Әділет департаментінің жетекші маманы

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...