Республикалық «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс шарасы басталды. Алматы  қаласы бойынша ҚАЖ Департаметінің Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің және  Алатау аудандық полиция инспекторларымен бірлесе  есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша бірлескен тексерістер жүргізілді.

Іс шараның мақсаты пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.

Қазіргі уақытта Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 562 адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізді.

Сотталғандар іс-шарада құқықбұзушылыққа тартылса оларға ескету беріледі. Егер 2-3 ескертуден асса, материал жинап оларды Алматы қаласынының Алатау аудандық сотына жіберіледі. 2-3 ескертуден асып кетсе бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр.

ЛАУРА МАРАТОВНА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖД

АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

ӘДІЛЕТ МАЙОРЫ АЛИМБЕКОВА

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...