Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болып үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алып ауыр халде ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Оқиға наурыздың 21-інде сағат түнгі 2 жарымдар шамасында Әл-Фараби көшесі мен Алматы бағытындағы тас жолдың қиылысында болған.

Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra көліктері соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан бірнеше адам көлік сыртына шығып кеткен. Үш адам оқиға орнында мерт болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі дер кезінде жеткен. Қатты соққыдан көліктің бірінен жанармай сыртқа ағып, өртене бастаған.

Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Спорт денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда. Спорт...

В Карагандинской области после модернизации открылись три железнодорожных вокзала

В Карагандинской области после завершения модернизации открылись железнодорожные вокзалы...

Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай отметили Национальный день домбры

В преддверии Национального дня домбры в учреждении максимальной безопасности...