Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында тағайындаулар жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.

Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов те Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Спорт денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда. Спорт...

В Карагандинской области после модернизации открылись три железнодорожных вокзала

В Карагандинской области после завершения модернизации открылись железнодорожные вокзалы...

Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай отметили Национальный день домбры

В преддверии Национального дня домбры в учреждении максимальной безопасности...