Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның жаңа президенті болып сайланды

Түрікменстандағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. Ол 72,97 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрікменстанда 12 наурызда өткен сайлауда 9 үміткер бақ сынады.

  • Лебап уәлаятының қаржы-экономикалық арнаулы орта мектебінің директоры Перхат Бегенжов 2,02% жинады;
  • Мары уәлаяты әкімінің орынбасары Ағаджан Бекмырадов 7,22%;
  • Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов 72,97%;
  • Түрікменстан Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің Awaza санаторийінің бас дәрігері, Түркіменстан мәжілісінің депутаты Бердимаммет Құрбанов 2,22 %;
  • Wepaly gurluşyk шаруашылық серіктестігінің директоры Мередов Бабамұрат 1,08%;
  • Түрікменстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Хыдыр Нуннаев 11,09%;
  • Түрікменстан Демократиялық партиясы Сапармұрат Түркіменбашы этрапының Дашогуз уәлаяты комитетінің төрағасы Мақсат Одешов 1,15%;
  • Мақсатмұрад Овезгелдиев, Ахал облысы Бабадайхан атырабындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы 1,16%;
  • Түрікменстан мемлекеттік энергетика институтының «Жаңартылатын энергия көздері» ғылыми-өндірістік орталығының директоры Какагелді Атажанұлы Сариев 1,09% дауыс.
  • 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның президенті болып танылды, деп хабарлады Түрікменстанның Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясы.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...