Қазақстан спортшылары бокстан Азия чемпионатында 13 алтын медаль алды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар мен жаөспірімдер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар 13 алтын, 14 күміс, 17 қола медаль алды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады.

Көш басында тұрған Өзбекстанның 20 алтын, 16 күміс, 7 қола медалі бар. Екінші орынға 15 алтын, 10 күміс, 18 қола медальмен Үндістан жайғасты.

Еске салсақ, жастар арасында Егор Егоров (71 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (66 келі), Камила Бажбенова (81 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал жасөспірімдерде Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі), Санжар-Әли Бегалиев (66 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі) және Кұралай Егінбайқызы (80 келі) чемпион атанды.

Спорт денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда. Спорт...

В Карагандинской области после модернизации открылись три железнодорожных вокзала

В Карагандинской области после завершения модернизации открылись железнодорожные вокзалы...

Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай отметили Национальный день домбры

В преддверии Национального дня домбры в учреждении максимальной безопасности...