Алматылық дәрігерлер биіктен құлап, күрделі жарақат алған науқасты аяққа тұрғызды

Үйдің үшінші қабатынан құлап ауыр жарақат алған ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер оған миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған, жамбас сүйегі қирап, жамбас сүйек шеңберінің қызметі бұзылған деген диагноз қойды. Құлаған кезде пациенттің аяқ-қолы да едәуір зақымданған.

Клиника дәрігерлері оған жоғары технологиялардың көмегімен күрделі ота жасау туралы шешім қабылдады. Жамбас сүйегінің остеосинтезі деп аталатын операцияы Травматология бөлімі маманы Нұржан Нұралы жасады. 2,5 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.

«Сынықтың мұндай күрделі түріне гипс салғаннан пайда жоқ. Бұрын мұндайда консервативті әдіс қолданылатын. Біз гипске балама болып табылатын остеосинтездеу операциясын жасадық. Ол пациентті отадан кейін екінші күннен бастап аяққа тұрғызуға мүмкіндік береді. Ота кезінде сүйек сынықтары пластиналармен және винттермен бекітіледі. Ем жақсы нәтиже берді, науқас екінші күннен бастап отыра бастады. Үшінші күннен бастап арнайы құрылғыға сүйеніп жүре бастады. 12 күннен кейін пациент ауруханадан шықты, амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр», — деді маман.

Дәрігердің айтуынша, жоғары технологиялық ота сүйектердің тез арада әрі дұрыс бірігуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында пациент бірнеше аптадан кейін қиындықсыз жүріп кетеді.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда қаладағы барлық ауруханалардың осындай күрделі операциялар жасауға мүмкіндігі жетеді. Яғни, азаматтар қажетті медициналық көмекті дер шағында пайдалана алады деуге болады.

ОҚКА баспасөз-қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...