Теннис: Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Словакияда өтіп жатқан Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы Baseline Open U14 2022 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар жартылай финалда Қытайдың осы жастағылар бойынша бірінші ракеткасы Янхонг Лиді тас-талқан етіп жеңді — 6:1, 6:1.

Финалда 13 жасар қазақстандық теннисші словакиялық Зиго Шешкомен бас жүлдені сарапқа салады.

З.Нұрланұлы жұптық сында да З.Шешкомен бірге финалға шықты. Олар соңғы бәсекеде қытайлық Я.Ли — чехиялық Ян Растицамен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...