12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық банк 199 миллион долларға валюталық интервенция жасады

Қазақстанның Ұлттық банкі 198,9 миллион долларға валюталық интервенция жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір долларға 510,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда көлемі 210,7 миллион доллар болды. Ұлттық банктің валюталық интервенциялары 198,9 миллион доллар, Ұлттық банктің қатысу үлесі 94,4 пайыз», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Департамент әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE қор биржасында сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өткенін атап өтті.

Франкфурт аукционының механизмі мәмілелердің максималды мүмкін көлемі жасалатын аукционның кесімді бағасын анықтауға мүмкіндік береді және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталған.

28 ақпанда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық та Франкфурт аукционы түрінде өтті. Аукцион нәтижесінде Ұлттық банктің валюталық интервенциялары 98,1 миллион долларды немесе бір күндегі жалпы сауда көлемінің 61,5 пайызын құрады.

1 наурыздан бастап аукциондар әдеттегідей жалғасып жатыр. 1 наурыздан 5 наурызға дейін Ұлттық банк 534,3 миллион доллар сатты, бұл жалпы сауда көлемінің 60 пайызын құрайды, оның ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін айырбастау 414,3 миллион доллар және валюталық интервенциялар 120 миллион доллар болды.

Борьба должна быть системной

ЧИСЛО ПРЕСТУПЛЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С ИЗГОТОВЛЕНИЕМ И РАСПРОСТРАНЕНИЕМ НАРКОТИКОВ, РАСТЕТ...

Сараптама жасалса, ақиқат анықталар еді

​«Көмектесіңіздер! Қызымның темір торға түскеніне қарсымын!» деп шырылдаған ана...

Маулен Ашимбаев: культура диалога и согласия — ключ к преодолению глобальных вызовов

Каждая страна должна чувствовать ответственность и вносить свой вклад...

Мәулен Әшімбаев: Диалог пен келісім мәдениеті – жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің кілті

Әрбір мемлекет тұрақтылықты нығайтуға жауапкершілікпен қарап, диалог пен келісім...