Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастаған.

1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

2007-2013 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

2013-2021 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...