Аманжол Әлтай Мәжілістің қай комитет құрамына кіргені белгілі болды

«Аманат» партиясының депутаты Аманжол Әлтай Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті әріптестер, қатарымыз жаңа депутатпен толықты. «Аманат» партиясының тізімі бойынша Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болып тіркелген», — деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Ол Әлтайды ант қабылдауға шақырып, кейін депутаттардан оның комитет құрамына кіруіне дауыс берулерін сұрады.

«Келіп түскен өтінішке байланысты Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне депутат Аманжол Әлтайды сайлауды сұраймын. Аманжол Дүйсенбайұлы — қазақстандық филолог, ақын-импровизатор, айтыс шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сондай-ақ, ұстаздық тәжірибесі мол, рухани-мәдени құндылықтарды, ұлттық өнерді насихаттауға, гуманитарлық ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосты», — деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмиля Нұрманбетова. 

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....