Президент Украинадағы қазақстандықтарды елге жеткізу жұмысын жіті қадағалап отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр. Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды» деп жазды ол Telegram парақшасында.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....