12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген қызметін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз – шілде және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. 

«Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жасөспірім толықтырады. Алдымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады. Әскерге шақыру науқанының шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет, яғни жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін өтеді», — делінген министрлің хабарламасында. 

Мәлім етілгендей, әскерге шақырылушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу, сондай-ақ тұрығылықты жері мен жұмысының мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы хабардар етілу үстінде.

Әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Аталған шақыру комиссияларын облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. 

«2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер тізіміне еніп, оған сәйкес қызмет түрлері азаматтарға Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өткен жөн. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы күштер – адалдық алаңы» жобалық офистері жұмыс істейді.

Бұл жерден әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары барлық қажетті ақпаратты ала алады. Толғандыратын мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды Қорғаныс министрінің блогына, Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының электрондық пошталарына жіберуге болады», — деп толықтырды ведомстводан.

«Social project management» қоғамдық қоры жазалы жасөпірімдермен кездесуде болды

Алматы қаласының ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде тәрбие жұмысын нығайтуға...

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОХОДИТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ФОРУМ ОБ ИННОВАЦИЯХ РАЗВИТИЯ СЕСТРИНСКОГО ДЕЛА

В городе Туркестан начал работу Международный форум «Инновации и...

ТҮРКІСТАНДА МЕЙІРГЕР ІСІН ДАМЫТУ ИННОВАЦИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТУДЕ

Түркістан қаласында «Мейіргерлік қызметті дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты...

Астана қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өтті

Астана қаласы бойынша №3 түзеу мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен...

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды

Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға...