Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті

Ресей мен Украина делегациясының келіссөзі аяқталды. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк үшінші раунд болатынын айтты, — деп хабарлайды «Известия». 

Тараптар жақын арада гуманитарлық дәліздер ұйымдастырады, осыған байланысты бірқатар секторда қақтығыс тоқтайды.»Осы мақсатта жақын арада арнайы байланыс және өзара іс-қимыл арналары ұйымдастырылады және тиісті логистикалық рәсімдер құрылады», — деді Подоляк.

Оның айтуынша, тараптар жақын арада келіссөздерді қайта бастауға келісті.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің сөзінше, тараптар «ұстанымдар бойынша түсіністікке қол жеткізе алды».

«Украина тарапымен келіссөздер аяқталды, онда біз барлық үш мәселені егжей-тегжейлі талқыладық: әскери мәселе, халықаралық гуманитарлық мәселе және үшінші мәселе — жанжалды саяси реттеу мәселесі. Ұстанымдар айқын, олар жеке-жеке жазылады. Олардың бір бөлігі бойынша бір шешімге қол жеткізілді», — деді Мединский.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....