Украинадағы қазақ диаспорасы елшіліктен көмек сұрады

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысты жағдайды айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дархан Кәлетаевтың айтуынша, Украинадан екі рейс келген, тағы бір рейс 3 наурызға жоспарланған.

«Air Astana растады. Қазір Польшада 74 адам бар. Сондай-ақ, Киевтен 41 қазақстандық мінген автобус келе жатыр. Львовта 40-тан астам адам. Барлығы 150-160 қазақстандық рейсті күтіп отыр», — деді ол.

Елші Харьковтан барлық қазақстандық студент кеткенін айтты. Оның айтуынша, алты баласы бар қазақстандық отбасы Одессадан шыға алмай отыр.

«Біріншіден, сырқат енесі бар. Екіншіден, құжаттары дұрыс емес. Елестетіп көріңізші, алты баласы бар. Ақшалай көмек бердік, сондай-ақ Аружан Саинға да жүгіндік. Отбасыға көмектесу үшін халықаралық қорлармен келіссөздер жүргізіп көруін өтіндік», — деді Дархан Кәлетаев.

Кәлетаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қазақ диаспорасын эвакуациялау мәселесі бар.

«Барлық жерде жарылыс. Диаспора өкілі телефон соғып, не істейтінін сұрап жатыр. Отандастарымыз ғой, қалай тастап кетеміз. Қазір маған диаспора басшысы Данияр келеді, оларда коменданттық сағаты енді ғана бітті. Бірге отырып сан және басқа да мәселелерді қараймыз», — деп бөлісті елші.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімінің маңызы мен қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мемлекеттік...

Әкімшілік әділетке 5 жыл: Азаматтар құқығын қорғаудың заңнамалық кепілдіктері

​2026 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет институтының және оның...

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...