12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

С.Шәпкенов 2021 жылғы әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың жұмысын қорытындылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыс жұмысын ашқан Серік Шәпкенов 2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласын дамыту аясында Еңбекмині Президент пен Үкімет қойған міндеттерді уақтылы және жауапкершілікпен іске асырғанын атап өтті.

«Есепті жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді. Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджет шығыстарының 24%-ын құрады.

Жыл сайынғы индекстеу аясында 4 млн қазақстандық үшін зейнетақы мен жәрдемақының өсуі қамтамасыз етілді. Азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылды, орта есеппен оның өсуі білім беру жүйесінде 19%- ды, денсаулық сақтау саласында – 20-30%-ды, әлеуметтік салада – 45%-ға дейін құрады.

Бұдан басқа, жұмыс істейтін қазақстандықтар сақтандыру тәуекелдері басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. 2021 жылы төлемдер көлемі шамамен 1,1 млн адам үшін 340 млрд теңгені құрады», – деді министр.

Ол сондай-ақ, өткен жылы Еңбекмині Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізгенін айтты.

Ағымдағы жылдың басынан бері 591 мың азаматтық қызметшінің (мәдениет, мұрағат ісі ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде техникалық персонал және т.б.) жалақысы өсті. Өсім 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өсім 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізеді.

Үміт пен қолдау: Алматы облысында суицидтің алдын алу қалай жүргізілуде

Алматы облысындағы суицид жағдайының қазіргі ахуалы, алаңдататын белгілер және...

Подросток и закон: где заканчивается шалость и начинается ответственность

Существует тонкая грань между импульсивностью и юридически значимым противоправным...

Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг және оның салдары

Қазіргі қоғамда кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг өзекті әлеуметтік-психологиялық мәселелердің...

Ювенальный суд Республики Казахстан

Ювенальный суд в Республика Казахстан является специализированным судом, рассматривающим дела...

Осуждённым показали социальные видеоролики о заботе, уважении и любви

В области Абай в учреждении максимальной безопасности сотрудники отдела...