Алматы әкімдігі көше қиылысындағы таймерлер неге алынғанын түсіндірді

Алматыда 60 бағдаршамда сигналдың жану уақытын көрсететін кері санақ таймерлері ауыстырылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ауыстыру жұмыстары «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында жүргізіледі, керекті қаржы бөлінген.

Енді Алматыда мына мекенжайлар бойынша: Достық даңғылы — Абай көшесі; Сейфуллин даңғылы — Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы — Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр көшесі; Абылай хан — Абай даңғылы, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды қосымша орнату арқылы жаяу жүргіншілер өткелі жол белгілерінің сызықтарын сызу жұмыстары жүргізілді.

«Бұл шаралар, ең алдымен, жүріп-тұруы шектеулі адамдардың жол бөлігінде кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті редакцияның сауалына әкімдіктегілер.

Алматы көшелерінің жүріс бөлігі бойындағы веложолдардағы сигналдық тіректерді демонтаждау жұмыстарына келетін болсақ, бұл қыс мезгілінде жолдарды қардан кедергісіз тазалау мақсатында жүргізілді. Оларды қалпына келтіру 2022 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....