Ресейге қарсы санкцияларға байланысты мұнай қымбаттап жатыр

Мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған Ресейге қарсы енгізілген санкциялар әсер етіп жатыр. Бұл ақпарат Лондон биржасындағы сауда деректері бойынша расталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 11.54-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы 4,667 пайызға, барреліне 102,5 долларға дейін, Brent-тің мамыр фьючерстерінің бағасы 5,291 пайызға, 99,1 долларға дейін өсті. Сәуірдегі WTI фьючерстері 5,459 пайызға, барреліне 96,59 долларға дейін өсті.

РИА Новости мәліметінше, бірқатар ел, соның ішінде АҚШ пен ЕО елдері Украинада әскери операция басталғаннан кейін Ресейге қарсы шектеу шараларын енгізді. Бұған дейін Германия үкіметі АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ЕО елдері бірқатар ресейлік банкті SWIFT-тен ажыратқысы келетінін мәлімдеді.

Сарапшылар өте қысқа мерзімде мұнай одан әрі қымбаттауы мүмкін екенін, осыған байланысты Brent бойынша айлық болжам барреліне 115 доллардан 95 долларға дейін артатынын атап өтті.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...