Қанат Исламның жеңілу себебі айтылды

Журналист Франсиско Салазар The Ring үшін жасаған шолуында қазақстандық боксшы Қанат Исламның жеңілу себебін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл Қанат Исламның карьерасындағы алғаш жеңілуі. Автордың сөзінше, Келли қазақстандықтан озып түскен. 

«Қанат Ислам бұл жекпе-жекте фаворит болатын және қарсыласымен салыстырғанда күшті қарсылықпен кездесті, бірақ Келли барлық жағынан тиімді болды. Ислам Джейсон Минданы кезектен тыс жеңгеннен кейін бір жылдай жекпе-жекке шықпады. Бұл оның күту уақыты қалай есептелмегені және рингтің ортасында жиналғаны кезінде байқалды.

Жекпе-жек соңында Ислам ұпай бойынша жеңіліп келе жатқанын сезіп, агрессор бола бастады. Ұлыбританиялық боксшы екеуі жақын қашықтықта кездескенде Исламға жақсы тойтарыс берді», — деді Салазар.   

Еске салайық, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілді. Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшысының қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді. 

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы....

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...