Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті — Украина СІМ

Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды», — деп жазды Кулеба. 

Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.

«Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды», — деді Кулеба.  

Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....