Украинадан эвакуациялау: Қазақстанның 10 азаматы Молдоваға жетті

Украинадан өз еркімен Молдава жеткен Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Молдовадағы жағдай келсек. Бүгін елшілік ондағы азаматтар көлік ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Румынияның бас консулдығынан транзиттік виза алу үшін Қазақстанның азаматын Кагул қаласына жеткізу жағы жоспарланып жатыр. Виза алғаннан кейін Румыния арқылы шекарадан шығарылады. Шекарадан өткеннен кейін шаруаға Бухарест қаласындағы Қазақстанның елшілігі кіріседі. Сол арқылы Ыстанбұлға одан әрі азаматтарымызды елге жеткізу ұйымдастырылады», — А.Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігінде Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтаруды ұйымдастыру барысына арналған шұғыл брифинг өтті.

Брифингте Украинаның Львов қаласындағы Қазақстанның консулдығы алдына 55 азаматтың жиналғаны айтылды.

Сондай-ақ, Украинадағы Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер жоқ.

Одан бөлек, Киевтегі Қазақстан елшілігінің штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қазақстандықтар мінген 3 автобус Украина шекарасында кептелісте тұр.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...