Бейжің Олимпиадасы: Бірнеше бапкер қызметінен босатылады

Бейжің олимпиадасындағы жеңіліс үшін бірнеше бапкер қызметінен босатылатын болды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Щучьедегі олимпиада спортшыларын даярлау орталығында өткен қорытынды жиында дүбірлі додаға қатысқан 34 спортшының құр алақан қайтуына 10 жылдап еңбек еткен жаттықтырушылар жауап беруге тиіс екенін айтты — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның мәліметінше, қазір шаңғы, фристайл-акробатика, трамплиннен секіру және биатлон бойынша жаттықтырушылар жауапқа алынып жатыр. 

«Ең басты бапкер нәтижеге жауап береді. Дұрыс қой. Ондай нәтиже болмаса, екі-үш жылдан асып кетті. Көп бапкер 10 жылдан бері нәтиже көрсетпей келе жатыр. Кетуі заңды нәрсе. Орнына жаңа адамдар келіп, олар спортты жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Мен айтып отырған 5-6 бапкер жұмыстан кететін шығар деп ойлаймын», — ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

 Абаев отандық спортта жүйелі проблемалар көп екенін мойындады. Бұл мәселеде 5-6 бапкерді жұмыстан шығарып, жаңа бапкерлерді алумен ғана шектелуді жоспарлап отырған жоқ.

«Жалпы елімізде қысқы спорт түрлері бұқаралық дамыды деп айта алмаймыз. Фристайл могул, фристайл акробатика деген спорт 1-2 өңірде ғана дамыған. Жасөспірімдер мен біздің жаттықтырушылар айналысқысы келмейді. Қазір сараптама жасап көрсеңіз, көбі зейнеттегі немесе зейнет жасына жақындаған жаттықтырушылар. Жастар келгісі келмейді. Өйткені жалақысы өте төмен», — ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...