Ұлттық статистика бюросының жаңа басшысы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жандос Шаймарданов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Жандос Шаймардановтың еңбек өтілі:

  • 2009-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы;
  • 2010-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ менеджері;
  • 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;
  • 2014-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;
  • 2016-2019 жылдары департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры;
  • 2019-2020 жылдары QazTech Ventures АҚ басқарма төрағасы;
  • 2020 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...