Жәнібек Әлімханұлына атақты мексикалық қарсылас болуы мүмкін

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында титулдық жекпе-жек ұйымдастырылатынын жариялады — боксшылар орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы титулын сарапқа салады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйым атынан хат жарияланды, ол Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумға және Мунгияның мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясының Эрик Гомеске бағытталған.

«WBO World Championship комитеті тараптарға осы құжатта Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жоғарыда аталған шайқас бойынша келіссөздерді бастауды бұйыратынын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Келісімге қол жеткізу үшін тараптарға 10 күн беріледі.

Егер келісімге осы құжатта көрсетілген мерзімде қол жеткізілмесе, WBO ережелері бойынша сауда-саттық тағайындалады. Орташа салмақтағы WBO үшін ең төменгі ақысы — 200 000 АҚШ доллары (екі жүз мың доллар). Кез келген қатысушы ұсыныс жасай алады», — деп хабарлайды WBO.

Бұған дейін Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген болатын, алайда америкалық спортшы салмақ санатын өзгертуі ықтимал.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...