Алматыда 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттары аталды

Алматының санитария дәрігерлері 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттарын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық бас санитария дәрігердің орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, өткен аптадан бері Алматы қаласының кәсіпкерлерінен, түрлі ұйымдардан алдағы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын қалай тойлайтыны туралы сауалдар келіп түскен.

«Бұған дейін 18 ақпанда еліміздің бас санитария дәрігері кезекті карантиндік ережелер мен шектеулерді белгіледі. Жаңа талаптарға сәйкес конференциялар мен форумдар, сондай-ақ салтанатты кештер мен еске алу кештерін өткізуге болады. 

Корпоративтік кештер, басқа да бұқаралық іс-шаралар тек Ashyq нысандарында өткізілуі керек. Алматы қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан келушілер саны 70 пайыздан аспау керек. Алда коронавирустың жаңа жағдайлары азайып, қала «сары» немесе «жасыл» аймаққа ауысса, онда ешқандай шектеулер болмайды», — деп түсіндірді Сәдуақас Байғабұлов.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...