Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина тіркелді

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» (Гам-КОВИД-Вак-М) вакцинасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Гам-КОВИД-Вак-М» дәрілік затына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді. Гам-КОВИД-Вак-М — SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, компоненті I-0,5 мл/доза + компоненті II-0,5 мл/доза, Ресей Федерациясында өндірілген.

Вакцина Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 10 ақпандағы хаттамасының және ҚР ДСМ КМФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2022 жылғы 17 ақпандағы қорытындысының негізінде тіркелді.

Спутник-М 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. «Спутник М» мен «Спутник V» арасындағы айырмашылық аденовирустық бөлшектердің концентрациясының бес есе төмендеуі болып табылады, соның арқасында жасөспірімдер иммунитеті ересектерге арналған дозаны қолданумен салыстырғанда аз жүктемеге ұшырайды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...